Республикалық референдумға қатысудың кейбір мәселелері туралы

Республикалық референдумға қатысудың кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасының Президенті а.ж. 5 маусымға ел Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдумды (05.05.2022 ж. №888 Жарлық, бұдан әрі - референдум) тағайындады.

Оны дайындау және өткізу тәртібі «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңмен (бұдан әрі – Конституциялық заң) регламенттелген.

Заңда оған қатысуға құқығы бар адамдар тобы белгіленген – бұл 18 жасқа толған ҚР азаматтары (Конституциялық заңның 5-бабы).

Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың дауыс беру құқығы жоқ (Конституциялық заңның 5-бабының 1-тармағы).

Референдум өтетін күні оған қатысатын әрбір адам «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында баяндалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды қабылдайсыз ба?» деген жалғыз сауалға жеке өзі жауап беруге құқылы https://egemen.kz/article/311406-zhoba-qazaqstan-respublikasynynh-konstitutsiyasyna-ozgerister-men-tolyqtyrular-e.

Референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімін қалыптастыру әкімдіктерге жүктелген (Конституциялық заңның 25-бабы).

Тізімге тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелген азаматтар енгізіледі («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңның 24, 25-баптары).

Осы тізімдер а.ж. 15 мамырға дейін учаскелік референдум комиссияларына берілді (Референдумды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарының 4-тармағына сәйкес, бұдан әрі-Күнтізбелік жоспар), олар өз кезегінде оларды а.ж. 20 мамырдан кешіктірмей (дауыс беру күніне дейін 15 күн бұрын) азаматтарға танысу үшін ұсынады. Осы күннен бастап азаматтар олармен таныса алады.

Тізімдердегі өзі туралы деректердің дұрыстығына көз жеткізу маңызды және қателер, жаңсақтықтар анықталған немесе мәліметтер болмаған жағдайда, тиісті өзгерістер енгізу туралы референдумның учаскелік комиссияларына жүгіну керек (Конституциялық заңның 23-бабы 1-тармағының 2) тармақшасы, 25-бабы).

Сол жерде азаматтар нақты болу орны бойынша басқа учаскеде дауыс беруге мүмкіндік беретін есептен шығару куәлігін ала алады («Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 41-бабының 6-1-тармағы).

Бұл туралы алдын ала қамдану керек, өйткені оларды беру а.ж. 4 маусым күні сағат 18:00-де (жергілікті уақыт бойынша) тоқтатылады.

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі