
Нұр-Сұлтан қаласы, 2021 жылғы 18 ақпан. Бас прокуратура мен ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Бахрейн Корольдігінен 1989 ж.т. ҚР азаматын экстрадициялады.
Ол Бахрейн Корольдігінде жыныстық қанау мақсатында ҚР кәмелетке толмаған азаматшасын сатты деген күдікке ілінді.
Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланды.
Қазақстан мен Бахрейн Корольдігі арасында іздестіріліп жатқан адамдарды ұстап беру туралы шарт болмаған жағдайда, Бас прокуратура Бахрейн тарапымен айыпталушыны экстрадициялау туралы уағдаластыққа халықаралық құқықта қолданылатын өзара түсіністік қағидаты негізінде қол жеткізді.
Қазіргі уақытта күдікті Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Айта кету керек, аталған қылмысқа қатысы бар бірқатар адамдар бұрын ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі