А.Б. Батырбаевты азаптау фактісі бойынша ақпарат

А.Б. Батырбаевты азаптау фактісі бойынша ақпарат

Әлеуметтік желілерде полиция қызметкерлерімен А.Б. Батырбаевты ұрып-соғу фактісі туралы ақпарат таралуда.

Аталған тұлға Талдықорған қаласында болған тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін 2022 жылғы 22 қаңтарында ұсталғанын хабарлаймыз.

А.ж. 23 қаңтарында жауап алу кезінде, ол 10 қаңтарда ішкі істер органдарының қызметкерлері оған дене жарақатын келтіргені туралы айтқан.

А. Батырбаевтың бұл арызының негізінде Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі