
2021 жылғы 6 желтоқсанда Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің ресми кездесуі шеңберінде Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ғизат Нұрдәулетов және Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтің Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарды жазаcын одан әрі өтеу үшін беру туралы шартқа қол қою рәсімі өтті.
Бұл құжат Қазақстан азаматтарына Өзбекстанда қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда шетел соты тағайындаған жазасын өз елінде өтеуге мүмкіндік береді. Өзбекстан азаматтары да осындай құқыққа ие болады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Өзбекстанның 502 азаматы, Өзбекстан Республикасында 32 қазақстандық бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатыр.
Өзбекстан Қазақстанмен қылмысқа қарсы күрес, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың негізгі құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы құқықтық ынтымақтастықтың барлық қажетті халықаралық-құқықтық негіздерін қалыптастырған тағы бір мемлекет болды.
Бас прокуратураның баспасөз қызмет