Күдікті А. К. Шәріпов Германиядан экстрадицияланды

Күдікті А. К. Шәріпов  Германиядан экстрадицияланды

Нұр-Сұлтан, 5 қараша 2021ж. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Германиядан Қазақстан Республикасының азаматы Айдос Қанатұлы Шәріповты экстрадициялады, 16.09.1989 ж.т.

Шәріпов Еуроодақ елдерінде (Литва, Норвегия, Германия, Дания, Финляндия) жұмысқа орналасу сылтауымен жеке кәсіпкер болып жұмыс істей отырып, Қазақстан азаматтарына ірі залал келтірді деп күдіктенеді.

Оның қылмыстық әрекетінен 60-тан астам зардап шегушіге келтірілген залал сомасы 34 млн.теңгені құрайды.

Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта А.Қ.Шәріпов Нұр-Cұлтан қаласының тергеу изоляторына қамалды.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі