«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы туралы баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы туралы баспасөз хабарламасы

НҚА ашық деректер интернет-порталында 2021 жылғы 14 қазанда «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының білім беру қызметінің мәселелері бойынша кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=12177873). Бұйрық жобасында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (ҚР БҒМ 2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрығына енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен), Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келтіру үшін Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы №№ 55, 59, 60 және 64 бұйрықтарына түзетулер енгізу көзделеді. Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 56 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ақпараттық жүйелері мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды бекіту туралы) өзектендірілді және жаңа редакцияда жазылды. Академияның оқулық басылымдарына сараптама жасауды ұйымдастыру тәртібі қайта қаралды, осыған байланысты Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 61 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында оқулық басылымдары мен оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, байқаудан өткізу, басып шығару және оларға мониторинг жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы) өзгерістер енгізілді. Білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының сыныптауышына сәйкес (ҚР БҒМ-ның 2018 жылғы 13 қазандағы №569 бұйрығы) 2019 жылдан бастап Академияда кадрларды даярлау Бас Прокурордың 2018 жылғы 16 қарашадағы № 133 бұйрығымен бекітілген білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. 2021 жылы Бас Прокурордың 2016 жылғы 31 наурыздағы № 58 бұйрығы негізінде даярланған докторантураның соңғы шығарылымы (2018 жылғы қабылдау) жүзеге асырылғанын ескере отырып, осы бұйрық күшін жоюға қойылады.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.