«Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

2021 жылғы 3 тамызда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет - порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=10524572) «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының жеке және заңды тұлғаларға ақпараттықанықтамалық қызмет көрсетуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 1 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы жарияланды (бұдан әрі – жоба). Осы жоба «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 3 наурыздағы Заңын іске асыру шеңберінде әзірленді («шет елдерде» деген сөздер «шет елде» деген сөздермен ауыстырылсын). Сонымен қатар, бұйрық Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 28 қаңтардағы № 501 Жарлығына (Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі), ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2021 жылғы 2 сәуірдегі № 114/НҚ, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 144 бұйрықтарына сәйкес келтірілді.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.