БАҚ үшін ақпарат

БАҚ үшін ақпарат

Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің қызметкерлері өз қатарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысының аясында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп, а.ж. 16 сәуірінде Байзақ ауданы прокуратурасының қызметкерін ұстады.

Ол қомақты мөлшерде пара алды деп күдіктелуде.

Қазіргі таңда қажетті тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Басқа ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі