Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры бұйрығының жобасы туралы

2021 жылғы 19 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7000654)  «Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы  2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды.

Бұл жоба қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында әзірленді, атап айтқанда:

«Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ 2020 жылғы 10 маусымдағы 342-VI Қазақстан Республикасының Заңымен ҚР АІЖК 135-бабының 18-тармақшасы алынып тасталды;

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚРЗ 2020 жылғы 29 маусымдағы №351-VI Қазақстан Республикасының Заңымен ҚР АІЖК 250-бабы, 27, 28, 29-тараулары алынып тасталды (2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі).

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы