Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы туралы

2021 жылғы 22 ақпанда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=7066180) «Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы (одан әрі – Бұйрық жобасы) орналастырылған.

Бұйрық жобасы «Мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдар лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №150 «Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 9 ақпандағы №506 Жарлығын, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесін (Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2018 жылғы 1 ақпанда № 16299 болып тіркелді) орындау үшін әзірленген.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күн ішінде жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы