Күдікті Е. Антонцева Черногориядан экстрадицияланды

Күдікті Е. Антонцева Черногориядан экстрадицияланды

Нұрұлтан, 2021 жылғы 17 ақпан. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады.

Е. Антонцеваға «ОLIMP KZ» Букмекерлік кеңсесі» ЖШС бухгалтер болып жұмыс істеп жүріп, ұйымдасқан топтың құрамында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген күдік келтірілді.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторында.

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі