«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының  кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы  Бас Прокурорының бұйрық жобасына баспасөз хабарламасы

 2021 жылғы 11 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6857721) «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды. Жобамен Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының ашық деректердің интернетпорталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы» 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 22 бұйрығы және осы бұйрыққа өзгертулер енгізген Бас Прокурордың басқа да бұйрықтары күшін жоюға қойылды.

Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.