2021 жылғы 11 ақпанда нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6859603) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының ««Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңнаманың қолданылуын бақылауды және прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 2 наурыздағы № 19 бұйрығы күші жойылды деп тану туралы» бұйрық жобасы (бұдан әрі – жоба) жарияланды. Жоба Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 44-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді, оған сәйкес уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайды.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.