Бас Прокурор және Ішкі істер министрі заңның жаңа талаптарын орындауды тексерді

Бас Прокурор және Ішкі істер министрі заңның жаңа талаптарын орындауды тексерді

Мемлекет басшысының негізгі процессуалдық шешімдерді прокурормен келісу туралы тапсырмасын орындау мақсатында 2020 жылғы 31 желтоқсанда қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту туралы заң күшіне енді.

Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен бірге Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» аудандық полиция басқармасына барды.

Әлеуетті ведомстволардың басшылары тергеушілердің жаңа процессуалдық жағдайындағы жұмысымен және олардың сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының шешімдерін электрондық форматта келісу бойынша прокурорлармен өзара іс-қимылымен танысты.

Енді тұлғаны күдікті деп тану, әрекетті саралау, қайта саралау, мерзімдерді үзу, істі тоқтату, сондай-ақ адамды айыптау хаттамасы мен бұйрық өндірісін қолдану туралы қаулы сияқты процессуалдық шешімдер прокурордың келісімінсіз және мақұлдауынсыз заңды күшке ие болмайды.

Ведомство басшылары енгізілген өзгерістердің маңыздылығын атап өтіп, жүргізіліп жатқан жұмысқа оң баға берді.

Өз кезегінде Бас Прокурор әріптестерінен Қпк-нің талаптарын мүлтіксіз сақтауды және азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзуға жол бермеуді талап етті.

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі