2026 жылғы 25 қыркүйекте НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15919115) «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналастырылған.
Осы жобамен Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы жасырынып жүрген қылмыскерлерді ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 14 және 17-баптарына сәйкес аталған Келісімді ратификациялау арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға бағытталған.
Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы