Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Макао арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы баспасөз хабарламасы

2026 жылғы 11 қыркүйекте нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15908491) «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Макао арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналастырылды.

Осы жобамен Қазақстан Республикасы Құрылтайының қарауына «Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының Макао арнаулы әкімшілік ауданы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11, 14 және 17-баптарына сәйкес әзірленген және аталған Келісімді ратификациялау арқылы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға бағытталған.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы