Жазғы сауықтыру науқаны және өскелең ұрпақтың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру аясында прокуратура органдары қызметкерлерінің балалары Қазақстан Республикасы Президентінің Архивіне барды.
Іс-шараға қатысушылар Қазақстанның қалыптасуы мен тәуелсіздік жылдарындағы даму тарихын көрсететін бірегей архивтік құжаттармен танысты.
Балалар үшін танымдық экскурсия ұйымдастырылып, олардың ой-өрісін кеңейтуге, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Мұндай бастамалар өскелең ұрпақтың ел тарихына, мәдени мұрасына деген құрметін арттырып, азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Іс-шараны өскелең ұрпақты «Заң мен Тәртіп» және «Адал азамат» қағидаттары негізінде тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар аясында прокуратура органдары ұйымдастырды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі