ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің прокуратуралары өзара іс-қимылды нығайтуда (2026 жылғы 20 тамыз)

ТМД-ға қатысушы  мемлекеттердің прокуратуралары өзара іс-қимылды нығайтуда  (2026 жылғы 20 тамыз)

Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жұмағали бастаған қазақстандық прокуратураның делегациясы Санкт-Петербург қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер бас прокурорлары орынбасарларының жұмыс кездесуіне қатысты. 

Кездесу барысында Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның қадағалау органдарының өкілдері халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, заңсыз шығарылған активтерді қайтару, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады. 

Өз сөзінде қазақстандық делегацияның басшысы А.Жұмағали қылмыстың цифрлық ортаға белсенді енуі тығыз әрі жедел өзара іс-қимылды, уақтылы ақпарат алмасуды, сондай-ақ жаңа қауіп-қатерлерді анықтау, тергеп-тексеру және алдын алу тәсілдерін жетілдіруді талап ететінін атап өтті. 

Осы жағдайда Қазақстан прокуратурасы өз қызметін жүйелі түрде трансформациялап, үлкен көлемді деректерді талдауға, тәуекелдерді болжауға, сондай-ақ тергеп-тексерудің жеделдігі мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін жасанды интеллектіні енгізуде. 

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар ынтымақтастықты кеңейтуге және трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимылда күш-жігерді біріктіруге мүдделілігін растады. 

Іс-шара аясында А.Жұмағали іздестірудегі тұлғаларды экстрадициялау және нақты қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

 

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы