2026 жылғы 7 тамызда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15894062) Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды.
Қағиданың жобасы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» ҚРЗ сәйкес келтірілді (түзетулер «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2026 жылғы 19 мамырдағы № 291-VIII ҚРЗ енгізілді) (бұдан әрі – Заң):
көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сілтеме алынып тасталды: процестің сипаттамасы, нысаны, мазмұны және көрсету нәтижесі және т.б. (Заңның 14-бабы 3-1-тармақ));
мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартқан кезде тыңдау алынып тасталды (Заңның 19-1-бабы 1-2-т.);
өтініште және (немесе) көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қабылдайтын шаралармен толықтырылды (Заңның 20-бабы 2-1-т.).
Бұйрық жобасын қоғамдық талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы