Сот отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Сот отырысы туралы ХАБАРЛАМА

Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданының №2 аудандық сотының іс жүргізуінде Қазақстан Республикасының азаматы, 02.07.1962 жылы туған Рүстем Тұрарұлы Тұрсынбаевқа қатысты №10710104700018 сотқа дейінгі іс жүргізу материалдары бойынша үкім шығарылғанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішхаты (бұдан әрі - өтінішхат) қаралуда.

Р.Т. Тұрсынбаевқа ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ірі мөлшерде бірнеше рет талан-таражға салу, заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру, ұйымдардан салық төлеуден жалтару, көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау және пайдалану бойынша айып тағылып отыр.

04.03.2011 жылы Р.Т. Тұрсынбаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаменті Р.Т. Тұрсынбаевтың «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның еншілес компанияларының ақшалай қаражатын жымқырғаны, сондай-ақ оларды заңдастырғаны, оның бақылауындағы компаниялар арқылы Швейцария Конфедерациясының банктеріне аударғаны туралы дәлелдемелер жинақтады.

Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша швейцариялық банктегі Тұрсынбаевтың бақылауындағы компаниялардың шоттарындағы ақшалай қаражаттың сомасы: 9 661 948,79 еуро және 2 448 977,48 АҚШ долларын құрайды.

Бас прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 668-бабының 6-бөлігіне сәйкес заңсыз жолмен алынған мүлікті үкім шығарылғанға дейін тәркілеу туралы сотқа өтінішхатпен жүгінеді.

Күдіктінің, айыпталушының қорғаушысының өтінішхаты бойынша ол сот отырысына қатысқан кезде қаралатын өтінішхатқа қатысты айғақтар беру үшін басқа адамдар шақырылуы мүмкін (ҚПК-нің 669-бабы).

Осы іс бойынша Р.Т. Тұрсынбаевтың қорғаушысы Сергей Петрович Яремчук алдағы сот отырысы туралы хабардар етілді.

Сонымен бірге күдікті Р.Т. Тұрсынбаевтың өз қорғаушысын өз бетінше (немесе өзінің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы) шақыруға құқығы бар және ҚПК-нің 64-бабында көзделген басқа да құқықтары бар.

Р.Т. Тұрсынбаевтың Қазақстан Республикасынан тыс жерде болуына және оның орналасқан жері туралы ақпараттың болмауына байланысты       ҚПК-нің 205-бабына сәйкес хабарлама республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында, сондай-ақ жалпыға қолжетімді телекоммуникациялық желілерде жарияланады.

Осыған байланысты Бас прокуратура өтініштіхатты қарау бойынша сот отырысы туралы хабарламаны Бас прокуратураның ресми сайтында жариялайды.

Сонымен қатар Бас прокуратура сот отырысы туралы хабарламаны Р.Т. Тұрсынбаевтың «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында да жариялайды.

Бас прокуратура Рүстем Тұрарұлы Тұрсынбаевқа өтінішхатты қарау бойынша сот отырысы 2020 жылғы 23 желтоқсанда сағат 15.00-де (Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) бейнеконференц байланыс арқылы өтетінін хабарлайды.

Судья - Қ. Тобағалиұлы, қатысушы прокурор - А.Н. Дулатбеков.

Р.Т. Тұрсынбаев және (немесе) оның қорғаушысы (өкілі) сот отырысына (онлайн) қатыспаған жағдайда, ол олардың қатысуынсыз өткізілуі мүмкін.

ҚПК-нің 671-бабына сәйкес өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша сот тәркілеу туралы өтінішхатты қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Тәркілеу туралы сот қаулысына, оның ішінде Р.Т. Тұрсынбаев немесе оның қорғаушысы (өкілі) шағым жасауына, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарауға, ҚПК-де көзделген тәртіппен наразылық келтіруге болады.

Р.Т. Тұрсынбаев (немесе оның қорғаушысы) өтінішхаттың көшірмесін Бас прокуратураға немесе Нұр-Сұлтан қ. Есіл ауданының №2 сотына жүгіне отырып ала алады.

Бейнеконференцбайланыс ұйымдастыруды немесе өтінішхаттың көшірмелерін алуды қоса алғанда, өтінішхатты қарауға байланысты барлық мәселелер бойынша Р.Т. Тұрсынбаевты немесе оның қорғаушысын мынадай байланыстар бойынша жүгінуді сұраймыз:

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 14, пошта индексі 010000, жұмыс тел. +7 (7172) 30-18-90, email: 7172515@prokuror.kz.      

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 соты, мекенжайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Сауран көшесі, 32, пошта индексі 010000, жұмыс тел.    +7 (7172) 55-84-00, email: 717-3610@sud.kz.

Сонымен қатар көрсетілген мәселелер бойынша Р.Т. Тұрсынбаев іс бойынша өзінің қорғаушысы С.П. Яремчукке жүгіне алады, жұмыс тел. +7(7172) 38-50-54,  ұялы тел. +7 (701) 288 44-77; advokat-yaremchuk@mail.ru.