Прокуратура органдарының психолог-полиграфологтарына арналған тренинг туралы ақпарат

Прокуратура органдарының психолог-полиграфологтарына арналған тренинг туралы ақпарат

Бас прокуратурада прокуратура органдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелері бойынша психолог-полиграфологтарға арналған екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Іс-шараны Бас прокуратура мен Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы  бірлесіп ұйымдастырды.

Кадр жұмысы департаментінің бастығы Аида Әнуар іс-шараны аша отырып, психолог-полиграфологтарды оқытудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өтті, себебі психологиялық қызмет прокуратура органдарына іріктеуді, кәсіби сенімділікті, психологиялық салауаттылық пен кадрлық тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Семинар-тренинг барысында психологиялық және полиграфологиялық жұмыстың негізгі бағыттары қарастырылды. Сонымен қатар, психологиялық және полиграфологиялық қамтамасыз етуді дамыту, ахуалды жақсартуға жағдай жасаудың негізгі бағыттары талқыланды.

Оқыту шеңберінде психология саласындағы сарапшылар шақырылып, олар қызметкерлермен психологиялық диагностика және психопрофилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша практикалық тәжірибелерімен бөлісті.  

Жүргізіліп жатқан жұмыстар қызметтік ұжымдарда қолайлы климат қалыптастыруға, психологиялық қолдау көрсетуге және психолог-полиграфологтардың психологиялық біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі