Прокуратура органдарында Мемлекеттік қызметші күні аталып өтті

Прокуратура органдарында Мемлекеттік қызметші күні аталып өтті

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің заңдылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік саясатты іске асыру және прокурорлық қадағалау жүйесін нығайтудағы рөлі атап өтілді, сондай-ақ күнделікті еңбектің, кәсібиліктің және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындаудың маңыздылығы көрсетілді.

Бұл құндылықтар адалдық, әділдік, қоғамға қызмет ету және заңды мүлтіксіз сақтау қағидаттарына негізделген «Адал азамат» тұжырымдамасымен тікелей сәйкес келеді.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар мен Қазақстан Республикасының жаңартылған Конституциясының ережелері азаматтардың мүддесіне бағытталған тиімді әрі ашық мемлекеттік аппарат қалыптастыруға бағытталғаны атап өтілді.

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының бұйрықтарына сәйкес прокуратура органдарының бірқатар қызметкерлері ведомстволық наградалармен марапатталды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі