
Жазғы демалыс кезеңінде өскелең ұрпақтың уақытын тиімді ұйымдастыру және мазмұнды демалысын қамтамасыз ету мақсатында Президенттік орталықта мәдени-ағартушылық іс-шара өткізілді.
Іс-шараға қатысушылар музей экспозицияларымен танысып, Қазақстан Республикасының қалыптасу тарихы, еліміздің мәдени мұрасы және тарихи құндылықтары туралы ақпарат алды.
Балалар үшін танымдық бағдарламалары ұйымдастырылып, олардың дүниетанымын кеңейтуге, ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
Жастар – елдің болашағы. Осындай бастамалар өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді, мемлекеттік құндылықтарға құрметті қалыптастыруға, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді.
Іс-шараны ұйымдастыруға прокуратура органдарының қызметкерлері атсалысып, әлеуметтік және корпоративтік мәдениетті дамыту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі