Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғыз Республикасынан аса ірі мөлшердегі есірткі заттардың контрабандасы және оларды өткізгені үшін сотталған Қазақстан Республикасының азаматшасын, он алты жыл бұрын шығарылған сот үкімін орындау үшін экстрадициялады.
Іздеуде жүрген тұлға 2010 жылы ақшалай сыйақы үшін салмағы 1 килограмнан асатын гашиш есірткі затынөткізу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізгені үшін Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 23.11.2010 жылғы үкімімен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркілене отырып, 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған.
Алайда оның асырауында жасбаласының болуына байланысты жазаны өтеу мерзімі он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдырылған.
Сотталған пробациялық бақылауда бола тұра, 2017 жылы сот үкімін орындаудан жалтарған, осыған байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.
Ағымдағы жылғы наурызда ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауымен отанына экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта сотталған тергеу изоляторына қамалды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі