2026 жылғы 8 маусымда Конституциялық Сот жалақыны және еңбек қатынастарына байланысты өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талаптарға қатысты сотқа жүгіну мерзімдері мәселесі бойынша №81 нормативтік қаулыны қабылдады.
Істі қарауға жұмыстан босатылғаннан кейін үстеме жұмысы үшін ақы төлеуді талап еткен азаматтың өтініші себеп болды. Дауды қарау кезінде сот Еңбек кодексінде көзделген бір жылдық өтініш мерзімін қолданған.
Мұндай шешіммен келіспеген азамат еңбек даулары бойынша сотқа жүгінудің бір жылдық мерзімін қолдану еңбеккерлерді үш жылдық талап қою мерзімі қолданылатын басқа азаматтармен салыстырғанда онша тиімді емес жағдайға қояды деп есептеп, Конституциялық Сотқа жүгінді.
Конституциялық Сот бір жылдық мерзім еңбеккерге жалақыны өндіріп алу, үстеме жұмысқа ақы төлеу және өзге де міндетті төлемдер туралы жалпы үш жылдық мерзімді қолдануды жоққа шығармайтынын түсіндірді.
Конституциялық бақылау органы сотқа жүгінудің бір жылдық мерзімінің өтуі қызметкердің өзіне тиесілі төлемдерді алу құқығын қорғаудан бас тартуға сөзсіз негіз бола алмайтынын атап өтті.
Қарау қорытындысы бойынша дау айтылып жатқан нормалар Конституциялық Сот берген түсіндірмеде Конституцияға сәйкес келеді деп танылған.
Қабылданған нормативтік қаулы заңнаманы біркелкі қолдануға және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау кепілдіктерін нығайтуға бағытталған.
Нормативтік қаулының толық мәтіні Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының ресми сайтында орналастырылған(https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/documents/details/1023078?lang=ru).
Бас прокуратураның баспасөз қызметі