Атырау қаласының тұрғыны сот үкімімен алаяқтық және азғыру тәсілімен лауазымды адамға айтарлықтай мөлшерде пара беруге көндіріп, айдап салғаны үшін кінәлі болып танылған.
Атырау қалалық сотының үкімімен ол 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасына сотталды.
Сот актісінің заңдылығын тексеру кезінде сот 10 млн теңгені қылмыстық құқық бұзушылық жасау нəтижесінде алынған қаржыны мемлекет кірісіне негізсіз тәркілемегені анықталды.
Бас прокуратураның кассациялық наразылығы бойынша сот актілері өзгертіліп, қаражат мемлекет пайдасына өндірілді.
Аталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін назарға саламыз.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі