2026 жылғы 12 наурызда НҚА ашық деректер интернет-порталында «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15773058).
Осы жобамен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы мен Қатар Мемлекеті арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес оны ратификациялау арқылы аталған Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға бағытталған.
Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы