Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараны ашқан Бас Прокурор Берік Асылов әйелдердің заң үстемдігін қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтіп, олардың жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және заңдылықты нығайту мен азаматтардың құқықтарын қорғауға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

«Прокуратура органдарының әйел қызметкерлері жауапты бағыттарда табысты еңбек етіп, төзімділік, принципшілдік және антына адалдық танытып келеді. Сіздердің күнделікті еңбектеріңіз шынайы құрмет пен алғысқа лайық», — деп атап өтті Берік Асылов.

Адал қызметі мен қол жеткізген нәтижелері үшін 200 әйел-прокурор ведомстволық наградалармен, сыныптық шендермен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. 3 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды. Сондай-ақ прокуратура органдарында ұзақ жылдар бойы заңға қызмет еткен 11 ардагерге құрмет көрсетілді.

Прокуратура ардагерлерінің мамандыққа деген адалдығы мен өмірлік тәжірибесі жас қызметкерлер үшін үлгі екені ерекше атап өтілді.

Ресми бөлімнен кейін іс-шараға қатысушылар үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі