2026 жылғы 27 ақпанда «Ашық НҚА» интернет-порталында Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының «Инвесторлардың жүйелі проблемалар тізілімін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылды (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15772893).
Бұйрық жобасын әзірлеу Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 «Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Жарлығы (бұдан әрі – Жарлық) негізінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) құрылуымен байланысты.
Жарлықпен бекітілген Ереженің 15-тармағының 17) тармақшасына сәйкес, Комитеттің функцияларының бірі – инвесторлардың жүйелі проблемалары тізілімін қалыптастыру және жүргізу болып айқындалған. Осыған байланысты тиісті бұйрықты қабылдау қажеттілігі туындады.
Бұйрық жобасының қоғамдық талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратурасының баспасөз қызметі