2026 жылғы 24 ақпанда «Ашық НҚА» порталында «Активті иемдену (пайда болу) көздерінің заңдылығын тексеруді тағайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы
11 қазандағы № 186 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылған» (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15771508).
Өзгерістер «Инвесторлардың құқықтарын қорғау және активтерді қайтару саласында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 желтоқсандағы № 1125 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетін қайта ұйымдастырумен байланысты.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі