2026 жылғы 13 ақпанда ашық НҚА порталында «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 32 «Прокурорлық қадағалауды ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15762588).
Осы жобамен бұйрықтың 3-қосымшасы – «Заңды күшіне енген сот актілерінің, азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер, атқарушылық іс жүргізу бойынша сотта мемлекет мүдделерін білдірудің заңдылығын қадағалауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық» жаңа редакцияда жазылған.
Өзгерістер бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарда азаматтық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың прокуратураларының, сондай-ақ Бас әскери және көлік прокуратураларының прокурорларының өкілеттіктері мен қатысу тәртібі айқындалуымен байланысты.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы