Бас прокуратураның Академиясы Әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығын басқарады

Бас прокуратураның Академиясы Әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығын басқарады

2026 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстан Республикасының Әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығының төрағасы болып сайланды. Тиісті шешім Қауымдастықтың кезекті отырысында қабылданды.

Қазақстан Республикасының Әскери және арнаулы оқу орындары қауымдастығы 2023 жылдан бастап жұмыс істейді және бейінді білім беру ұйымдарының қарым-қатынасын қамтамасыз ететін ведомствоаралық алаң болып табылады. 2024 жылдан бері Қауымдастыққа Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы жетекшілік етті. Қауымдастықтың отырысына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қорғаныс министрлігінің 14 оқу орнының өкілдері қатысты.

Академияның Қауымдастық төрағасы болып сайлануы оған деген жоғары сенімнің белгісі және елдің құқық қорғау органдары жүйесіндегі жетекші ғылыми-білім беру әрі оқу-әдістемелік орталық ретіндегі мәртебесінің мойындалуы болып табылады.

Отырыс барысында Академия Ректоры Н.М. Әбдіров Қауымдастық төрағасы мәртебесінде Академия ведомстволық оқу орындарының күш-жігерін үйлестіруге, әскери және арнаулы білім беру жүйесін дамытуға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ оқу процесіне заманауи білім беру стандарттары мен ғылыми тәсілдерді енгізуге ықпал ететінін атап өтті.

 

Құқық қорғау органдарының академиясы