2026 жылғы 6 қаңтарда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15733306) «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті және оның аумақтық органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 18 мамырдағы № 64 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылған.
Осы жобамен Қағидаларда:
«автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» сөздері «Талдау орталығы» АЖ сөздеріне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚРЗ-ның 14-баптың 2)-тармағына сәйкес ауыстырылды;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексіне сілтеме көрсетілген.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы