2025 жылғы 5 желтоқсанда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15715431) «Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы бойынша ақпарат орналастырылған.
Осы жобамен:
басқа ақпараттық жүйелерден келіп түсетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты, мысалы, Антифрод-орталық анықтаған инциденттер бойынша АЕК-де тіркеу тәртібі айқындалады;
СДТБТ қағидаларын Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметті құруға байланысты және кеңсенің қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында шағымдар мен өтініштерді есепке алу жөніндегі нысандарды толтыруы үшін арнаулы мемлекеттік орган толықтырады;
өтінішті (шағымды) қарау нәтижелері туралы нысандар «Кәсіпкерлік қызмет саласында» деректемесімен толықтырылды, ол қылмыстық қудалау органдарына қатысты қаралған кәсіпкерлік қызмет саласындағы өтінішхаттардың (шағымдардың) санын айқындау үшін мәліметтер қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті