
Іс-шара мемлекеттік айыптаушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, қылмыстық істер бойынша сотта мемлекет атынан айыптауды қолдайтын дайындығы жоғары прокурорлар пулын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Байқауға аудандық, қалалық және облыстық деңгейлердегі 532 прокурор қатысты, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен қылмыстық қудалаудың заңдылығын қадағалауды жүргізетін прокурорлар да бар.
Финалға 23 мемлекеттік айыптаушы өтті.
Финалистер соттағы сөз сөйлеулерін таныстырып, қылмыстық және қылмыстық-процестік құқық бойынша тапсырмаларды шешіп, сондай-ақ стандарттан тыс жағдайларды қамтитын кейстік тапсырмаларды орындады.
Байқау қорытындысы бойынша басшы құрам арасынан Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуроры Ерденбек Әлібекұлы Тоқбаев, қатардағы құрамнан Өскемен қаласы прокуратурасының Мемлекеттік айыптауды қолдау тобының аға прокуроры Наталья Владимировна Карпенко жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ, алты қосымша номинация бойынша жеңімпаздар анықталды: Ұлытау облысы прокурорының бірінші орынбасары Қуандық Қайратұлы Рахметов – «Алқабилер қатысатын соттағы үздік мемлекеттік айыптаушы»; Алматы облысы прокурорының аға көмекшісі Ерлан Темірбекұлы Құланбаев – «Белсенді мемлекеттік айыптаушы»; Түркістан облысы прокурорының көмекшісі Бауыржан Ысқақұлы Омаров және Орал қаласы прокуратурасының бөлім бастығы Досбол Аманжанұлы Жұманов – «Үздік сөз шебері»; Шымкент қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры Дінислам Русланұлы Әлжан – «Мемлекеттік тілдегі үздік сөз сөйлеу»; Павлодар облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Кристина Витальевна Тунгусова – «Креативті мемлекеттік айыптаушы»; Қонаев гарнизоны әскери прокурорының орынбасары Қуаныш Әлиұлы Зұлқашев – «Мемлекеттік айыптауды басқа құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері арасында үздік қолдау».
Бас прокуратураның баспасөз қызметі