Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері Бас прокуратурада

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері Бас прокуратурада

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті Заң факультетінің студенттері Бас прокуратура ғимаратымен танысты.

Іс-шара барысында олар Азаматтарды қабылдау орталығында, Ахуалдық орталықта және мұражайда болып,  қадағалау органдарының тарихы, қызметі және құрылымдық бөлімшелердің жұмысы туралы мәлімет алды.

Сапар бағдарламасы шеңберінде Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерімен кездесті.

Жиында Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің  өкілі студенттерге прокуратура органдарына қызметке орналасудың негізгі талаптары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ Құқық қорғау органдарының академиясындағы алғашқы кәсіптік даярлық курсына қабылдау тәртібі, университетпен бірлесіп іске асырылып жатқан «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасының негізгі мақсаты мен бағыттары туралы сөз қозғалды.

Жастарға жақсы білім алудың маңыздылығын, келешекте ел дамуы жолында аянбай еңбек ету қажеттiгi атап ɵтiліп, студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.

 

Бас прокуратураның Баспасөз қызметі