«Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарламасы

2025 жылғы 23 қазанда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15633693) «Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналастырылған.

Осы жобамен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасы мен Сингапур Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Заң жобасы «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес оны ратификациялау арқылы аталған Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындауға бағытталған.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі