Жемқорлық құқық бұзушылығы бойынша істі Бас Прокурордың наразылығы негізінде Жоғарғы Сот қолдады

Жемқорлық құқық бұзушылығы бойынша істі Бас Прокурордың наразылығы негізінде Жоғарғы Сот қолдады

Бүгін Жоғарғы Соттың алқасы сот тәжірибесінің бірізділігін қамтамасыз ету мақсатында істерді ерекше жағдайларда қайта қарайтын жаңа мәртебеде алғашқы отырысын өткізді.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асыловтың наразылығы бойынша жемқорлық қылмысына сыбайлас болған іс қайта қаралды.

Жеке жобалық компанияның директоры Астана қаласы Мәдениет басқармасының басшысына 1 млрд теңге көлеміндегі бюджет қаражатын ысырап етуге жәрдемдескені үшін кінәлі деп танылды.

Бұған дейін кассациялық сот қосымша жазаны жеңілдеткен болатын. Алайда Бас Прокурордың наразылығы негізінде Жоғарғы Сот бұл шешімді бұзып, мемлекеттік қызметте лауазым иеленуге өмір бойына тыйым салу жазасын күшінде қалдырды.

Аталған шешім сот тәжірибесінің бірізділігін қалыптастыру және мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын нығайту тұрғысынан маңызды мәнге ие.

 

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі