«Айқын нәтиже» жобасы бойынша

«Айқын нәтиже» жобасы бойынша

Бас Прокурор Берік Асыловтың тапсырмасына сәйкес, «Заң және Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында елордада «Айқын нәтиже» пилоттық жобасы басталды.

Жоба Астана қаласының Алматы ауданында жүзеге асырылуда. Бұл жерде прокуратура ішкі істер органдарымен бірлесіп, жергілікті жағдайларды ескере отырып, мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимыл мен ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіруде.

Жобаның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың тиімді профилактикасына және қылмыстардың ашылуына кедергі келтіретін негізгі және ықпал етуші себептерін анықтап, оларды жоюға бағытталған практикалық шешімдер әзірлеу.

Пилоттық жобаның нәтижелері еліміздің басқа өңірлерінде де қолдануға болатын әмбебап жұмыс моделін қалыптастыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Жобаның іске асырылу барысы қадағалау органының Басшысының жеке бақылауында.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі