Бас прокуратура қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты

Бас прокуратура қызметкерлері қалалық сенбілікке қатысты

Осы сенбі, 10 қазан күні елордада Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті.

Бас прокуратура қызметкерлері Президенттің жаңа қоғамдық этика мен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру жөніндегі үндеуін қолдай отырып, қаланы тазалау және абаттандыру жұмыстарына белсенді қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей:

«Тазалық пен ұқыптылық күнделікті өмір салтымызға айналуы қажет. Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Жұрттың бәрі өз үйінің жайлы әрі әдемі болғанын қалайды. Бұл – дұрыс. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға да дәл сондай жанашыр көзбен қарауға тиіс. Қазақстан – бәрімізге ортақ, оның қандай болатыны тек бізге байланысты. Яғни, біз іші де, сырты да бүтін ел болуымыз керек».

Өткізілген іс-шараның негізгі мақсаты – қалалық тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа және еңбекке жауапкершілікпен қарауды насихаттау.

Бас прокуратура тазалық пен тәртіпті сақтау ісіне өз үлесін қоса отырып, осындай бастамаларға алдағы уақытта да белсенді қатысатын болады.


Бас прокуратураның баспасөз қызметі