2025 жылғы 8 қазанда НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15621362) «Кадр қызметінің кейбір мәселелері туралы» Бас Прокурордың бұйрығының жобасы орналастырылған.
Осы жобамен Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінің және зейнеткерлерінің куәліктерінің сипаттамасы, қызметкерлер мен зейнеткерлерге қызметтік куәліктер мен куәліктер беруің, сақтаудың, өткізудің және жоюдың рәсімі мен тәртібі реттеледі.
Бұйрық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі