Мемлекет басшысының өкімімен Өмірәлиев Жандос Жәнібекұлы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Президенттің келісімі бойынша Бас Прокурордың бұйрықтарымен:
➢ Батыс Қазақстан облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Ұласбекұлы Нұрбек.
➢ Маңғыстау облысының прокуроры – аға әділет кеңесшісі Құшалиев Серікқали Жанбыбекұлы тағайындалды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының келісімі бойынша бірқатар аумақтық прокурорлардың ротациясы жүргізілді:
➢ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры – Әбдіров Нұрғалым Мәжитұлы;
➢ Бас көлік прокуроры – Жүйріктаев Берік Қуанышбекұлы;
➢ Атырау облысының прокуроры – Басшыбаев Мадияр Бекенұлы;
➢ Жамбыл облысының прокуроры – Әбілов Берік Рақатұлы;
➢ Жетісу облысының прокуроры – Жұмақанов Бауыржан Альбертұлы;
➢ Қостанай облысының прокуроры – Сексембаев Марат Исламханұлы;
➢ Павлодар облысының прокуроры – Байшолақов Алмат Мұратұлы;
➢ Шығыс Қазақстан облысының прокуроры – Сүлейменов Тимур Қайырбекұлы.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі