Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен киберқылмыспен және цифрлық қылмыспен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастық бойынша семинар ұйымдастырды.
Бұл шара құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларды жетілдіруге және ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған.
Оған халықаралық сарапшылар, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің өкілдері, халықаралық-прокурорлар мен қазақстандық құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты.
Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қатысушыларға киберқылмыспен күрес саласында Қазақстан мен шетелдік серіктестер арасындағы ынтымақтастықты белсенді дамыту қажеттігін атап өтті.
Семинардың мақсаты өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуды одан әрі нығайту, қылмыстың осы түріне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастық барысында туындайтын мәселелерді бірлесіп шешу екенін атап өтті.
Жалпы, Бас прокуратураның бұл бағыттағы жұмысы айтарлықтай белсенді жүргізілуде.
Мәселен, соңғы екі жылда ғана киберқылмыс істері бойынша құқықтық көмек көрсету туралы 2 мыңнан астам шетелдік сұраулар орындалып, бірнеше халықаралық тергеу топтары құрылды, трансұлттық кибералаяқтарға қарсы бірлескен операциялар жүргізіліп, оң нәтижелерге қол жеткізілді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі