Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның Президенті Клэр Бази Малоримен кездесу туралы

Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның Президенті Клэр Бази Малоримен кездесу туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның Президенті Клэр Бази Малоримен кездесті.

Кездесу барысында тараптар конституциялық және сот реформаларының негізгі бағыттары жөнінде пікір алмасты, сондай-ақ құқық үстемдігін және демократиялық институттарды нығайту мәселелерін талқылады.

Ғалымжан Қойгелдиев қонаққа мемлекеттік органдар жүйесіндегі қазақстандық прокуратураның рөлі мен орны туралы хабарлап, ведомствоның сындарлы диалог жүргізуге дайын екенін және халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде, Клэр Бази Малори еуропалық демократия мен адам құқықтары саласындағы стандарттарымен бөлісіп, қабылдағаны және қызығушылық тудырған мәселелер бойынша ұсынылған ақпарат үшін алғысын білдіріп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

 

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі