«Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына баспасөз хабарламасы

2025 жылғы 4 қыркүйекте НҚА ашық деректер интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15590324) «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасы орналастырылған.

Осы жобамен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына «Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Заң жобасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенцияға оны ратификациялау арқылы қосылуына бағытталған.

Қаулы жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі