10 тамыз – Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күні

10 тамыз – Ұлы ақын, ойшыл  Абай Құнанбайұлының туған күні

Биыл прокуратура органдарында ұлы ақын, ағартушы және ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар өтіп жатыр.

21 шілдеден 10 тамыз аралығында елімізде «Абай күні – бірлік үні» республикалық эстафеталық флешмобы өтті. Онда прокуратура қызметкерлері ұлы ақынның өлеңдері мен әндерін орындап, эстафетаны бір-біріне жолдады.

2024 жылғы республикалық Абай оқуларының жеңімпаздары «Прокурорлар Абай елінде...» атты ғылыми-танымдық экспедицияға қатысып, Астана – Семей – Қарауыл бағыты бойынша ақын өміріне қатысты тарихи жерлерді аралады.

10 тамыз – Абайдың туған күні қарсаңында барлық өңірлерде ақын ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, тағзым ету рәсімдері өтті.

Қазіргі таңда ұрпақтар сабақтастығын нығайта түсу үшін қызметкерлер мен олардың балаларының қатысуымен «Бес асыл іс...» республикалық байқауы (өлең оқу, ән айту т.б.) өз мәресіне жетуге жақын.

Мерейтойлық шаралардың қорытындысы ретінде 5 қыркүйекте Бас прокуратурада «Мен бір жұмбақ адаммын…» атты салтанатты іс-шара өтеді.

Абай мұрасы – халқымыздың бірлігінің, даналығының және рухани байлығының символы. Оның өсиет сөздері бүгін де адалдыққа, еңбексүйгіштікке және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі