Есірткі бизнесіне қарсы күресте қол жеткізілген нәтижелер туралы

Есірткі бизнесіне қарсы күресте қол жеткізілген нәтижелер туралы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде Әділ мемлекетті құрудың негізгі қағидаттары негізгі қағидаттары - заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту жөніндегі шаралар жүзеге асырылуда.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында есірткіге қарсы күресті ұлттың генофондын сақтау мәселесі екендігін атап көрсетті.

Осыған байланысты Бас прокуратурамен уәкілетті органдар есірткі және прекурсорларды жеткізу арналарын, есірткі зертханаларын жоюға, қылмыстық топтар мен есірткі бизнесін ұйымдастырушыларды анықтауға, қылмыстық кірістер мен мүлікке тыйым салуға, сондай-ақ оларға көмектесетін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін әшкерелеуге бағдарланды.

Бұл бағытта сапалы тергеу амалдарын жүргізу арқылы Маңғыстау, Ұлытау облыстары, Алматы және Шымкент қалаларында есірткі дүкендерін ұйымдастырушыларды әшкерелеген арнайы прокурорлар үлкен жұмыс атқарды.

Прокуратура органдарының үйлестіруімен 2025 жылдың өткен кезеңінде құқық қорғау және арнайы органдар есірткі және психотроптық заттарды жеткізудің 111 (135) арнасының жолын кесті. Синтетикалық есірткі өндіретін 21 (11) зертхана және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 125 (45) фактісі анықталып, жойылды. Заңсыз айналымнан 9 (19) тонна есірткі (оның ішінде 254 кг синтетикалық есірткі) және 12 тонна (105 кг) прекурсорлар тәркіленді. Есірткі және прекурсорлар контрабандасының фактілері төмендетілді (182-ден 80-ге дейін, 56%-ға).

Жыл басынан бері Бас прокуратура құқық қорғау органдары мен екінші деңгейдегі банктердің жұмысына интернет кеңістігіндегі есірткі дүкендеріне байланысты банктік шоттарды анықтау, бұғаттау және тәркілеу алгоритмін енгізді.

Қазіргі уақытта құны 2,3 миллиард теңгеден асатын 98 мыңнан астам есірткі шоты бұғатталды.

Барлық істер бойынша қаржылық тергеу жүргізу, соның ішінде, қылмыстық ақшаны, есірткі бизнесінің түпкілікті бенефициарлары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ «dropper» аударымдары және басқа да заңсыз операциялар үшін банктік шоттарын ұсынатын азаматтарды анықтау туралы нұсқау берілді.

Сонымен қатар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы есірткі дүкендерін бұғаттау жұмыстарын жүргізуде. Бүгінде 6 мыңнан астам есірткі сайты бұғатталды.

Елімізде жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және заңдылық пен тәртіпті нығайту жұмыстары жүйелі әрі тұрақты түрде жалғасатын болады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі