Топтық зорлау үшін 13 жыл жасырынған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

Топтық зорлау үшін 13 жыл жасырынған күдікті Қырғызстаннан экстрадицияланды

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қызметкерлері Қырғыз Республикасынан топтық зорлау үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Күдікті 2012 жылы Жамбыл облысында басқа алты адаммен бірге жиынға екі қызды шақырып, олардың сусындарына клофелин араластыру арқылы дәрменсіз күйге келтіріп, еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Қылмысқа қатысушылар әртүрлі жаза мерзімдеріне сотталған, ал күдікті жасырынып, 13 жыл іздеуде болған.

Ағымдағы жылдың сәуірінде ол Бішкек қаласында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмысты жасағаны үшін бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі