«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесіндегі тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесіндегі тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрығының жобасына  баспасөз хабарламасы

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесіндегі тұрғын үй комиссиялары қызметінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры бұйрығының жобасын жариялайды.

Қағидалардың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін және әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметі саласында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 30 маусымдағы № 203-VIII ҚРЗ заңын іске асыру шеңберінде әзірленді.

Қағидалардың жобасы қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейді және тұрғын үй комиссияларының қызметінде біркелкілікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру, сондай-ақ прокуратура органдары жүйесі кадрларының құрамына тұрғын үй төлемдерін тағайындау мәселелері бойынша заңды шешім қабылдауға бағытталған.

Қағидалардың жобасы 2025 жылғы 23 шілдеде «e-gov» ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15558482.

Қағидалар жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі