Қазақстандағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Анри Вантигеммен кездесу туралы

Қазақстандағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Анри Вантигеммен кездесу туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Қазақстандағы Бельгия Корольдігінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Анри Вантигеммен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Ғалымжан Қойгелдиев заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, сындарлы ынтымақтастыққа дайындығын білдірді.

Сондай-ақ ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың оң серпінді дамуын және инвесторлардың құқықтарын қорғауда прокуратураның рөлі туралы мәлімет берді.

Өз кезегінде, Бельгия Елшісі Анри Вантигем қабылдау үшін және қызығушылық тудырған мәселелер бойынша ұсынылған ақпарат үшін алғыс айтты.

Кездесуден кейін тараптар әріптестіктің тиісті деңгейін ризашылықпен атап өтіп, оларды одан әрі нығайту ниеттерін білдірді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі